Туризм: саяхат өмір салты Кіріспе Туризм-бұл жәй ғана бір жерден екінші жерге бару емес,ол саяхат, мәдениет, экономика және экологияны біріктіретін үлкен сала. Қазіргі әлемде оның маңызы зор, себебі туризм адамның өзін дамытуына ғана емес, әлемдік экономикағада әсер етеді. Адамдар демалу, жаңа әсер алу, білім алу немесе жұмыс істеу мақсатында саяхаттайды. Туризм түрлері Туризм бірнеше негізгі түрге бөлінеді: Мәдени туризм- халықтардың тарихын, сәулетін, және дәстүрлерін зерттеуге бағытталған саяхат. Бұған мұражайлар, тарихи ескерткіштер, фестивальдар мен театрларға бару кіреді. Экологиялық туризм- табиғатқа зиян келтірмей, оның сұлулығын тамашалау. Оған тауға шығу, ұлттық парктер мен қорықтарға саяхат жасау жатады. Оқиғалы туризм- белсенді демалвсты ұнататындар үшін экстремалды саяхат түрлері, мысалы, альпинизм, драйвинг, сафари. Денсаулық туризмі- денсаулықты жақсартуға арналған сапарлар. Бұған санаторийлер, термалды бұлақтар және емдік орталықтарға бару жатады. Іскерлік туризм- жұмыс бабымен жасатын сапарлар, конференциялар, көрмелер және бизнес кездесулерге қатысу жатады. Туризмнің экологияға әсері Туризм көптеген елдердің экономикасында маңызды рөл атқарады. Ол инфрақұрылым дамуына, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына және ел бюджетінің толығуына ықпал етеді. Франция, Италия, Түркия және Тайланд сияқты танымал туристік елдер жыл сайын миллиондаған қонақтарды қарсы алып, өз экономикасын нығайтады. Туризмнің мәселелері мен қиындықтары Туризмнің жақсы жақтарымен қатар, кейбір мәселелері де бар. Бұқаралық туризм қоршаған ортаның ластануына, тарихи ескерткіштердің бұзылуына және шамадан тыс туристтердің көп жиналуына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, туризм саласындағы маусымдық жұмыс тұрақсыздық тудырады, ал танымал бағыттардағы қымбатшылық саяхатшылар үшін қиындық туғызады. Туризмнің болашығы Қазіргі таңда туризмнің саналы түрде кең таралуда. Адамдар экологиялық таза саяхаттарды таңдайды, ауылдық жерлердегі демалыс пен этнотуризимге қызығушылық артуда. Сонымен қатар технологияның дамуы туристтерге ыңғайлы жағдац жасап, виртуалды экскурсиялар мен сандық сервистерді кеңінен пайдалануға мүмкіндік беруде. Қорытынды Туризм- қазіргі заманның ажырамас бөлігі. Ол адамдарға әлемді тануға, мәдениеттермен танысуға және экономиканы дамытуға мүмкіндік береді. Дегенмен, табиғатты қорғау және жауапкершілікпен саяхаттау әр адамның міндеті.