Войти

Алматы қаласындағы мейрамханалар

aidannaurkimbaeva 30-04-2017, 21:41 Статьи

Мейрамханалар

Мен өз басым жалпы жақсы тамақтанғанды ұнатамын. Бұл мақалада мен, Алматы қаласындағы мейрамханалар жайлы сөз қозғамақпын. Алматы қаласында неше түрлі елдердің асханасы бар, мысалы: қытай, корей, итальян,  түрік, өзбек, жапон, дұнған және тағы да басқа. Сонымен қатар қазақ халқының ұлттық тағамдары ғана ұсынылатын біраз мейрамханалар бар. Мен аптасына екі немесе үш рет сырттан тамақтанамын. Ең соңғы барған жерім, Италия елінің тағамдары ұсынылатын нақтырақ айтқанда, әртүрлі пицца, спагетти, лазанья және танымал винолары бар «Del Papa» мейрамханалар желісі болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біз екі түрлі пиццаға және танымал, әрі көптеген адамдар ұнататын «Цезарь» салатына тапсырыс бердік. Италия асханасын сонау уақыттан бері дүние жүзі мойындап отыр. Менің ойымша, шын мәнінде италиялық тағамдар тұжырымдамасы керемет және өзіндік ұмытылмас дәмі бар ғажайып тағамдар түрін қамтиды.

Сонымен қатар мен, түрік тағамдарын да сүйіп жеймін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әсіресе, әйгілі түрік донері, түрік халқының ұлттық тағамы «Маклюбе» және әр түрлі тәттілерді жегенді ұнатамын. Алматы қаласында «Çiçekmangal»,  «Ozyurt»,  «Marmaris» деп аталатын түрік мейрамханалары бар. Бұл жерлерде қуырылған етпен жасалған тағамдардың көптеген түрлері, кебаб, донер сынды тағамдар мен тәттілер және бәрімзге әйгілі түрік шайы ұсынылады. Сонымен қатар айта кететін жайт, түрік халқы Ислам дінін ұстанатындықтан, бұл түрік мейрамханаларында спирттік ішімдіктер ұсынылмайды.

 

 Ал аспан асты елдерінің тағамдарын мен көп жемеймін. Себебі олар, менің ойымша тым ащы етіп дайындалады. Алайда, мен жапон елінің тағамы ұсынылатын мейрамханаларға жиі барып тұрамын. Суши менің сүйікті тағамдарымның бірі болып табылады. Алматыда «Manga Sushi», «SAMURAI Sushi», «Планета Суши» деп аталатын жапон мейрамханалары бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тағы да бір қызық ақпарат айта кетпесек болмайды, Алматы қаласында "Қазақстан" қонақ үйінің 25 қабатында орналасқан "BarFly" атты мейрамхана бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Егер аспан астында ас ішкіңіз келсе, онда көрші мемлекет Ресейден бұл арманыңызды жүзеге асыра аласыз. Мәскеудегі «Федерация» мұнарасының алпыс екінші қабатында орналасқан SIXTY мейрамханасы - сіз іздеген жердің нақ өзі. Бұл мейрамхана Еуропадағы ең биікте орнласқандығымен де мақтана алады. Келушілерді Мәскеу қаласының панорамасынан бөлек, жұлдызды аспан мен күннің батар сәті қатты қызықтырады. Мейрамхана жаңа заманға сай, сәнді етіп жобаланып, сондай-ақ жеке және іскерлік кездесулерге де ыңғайлы болатындай етіп жасалынған. Осымен менің мейрамханалар жайлы мақалам аяқталды. Сізге пайдасы тиді деген ойдамын.

 

Мақала авторы: Үркімбаева Айдана Еркінбекқызы

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите два слова, показанных на изображении:*