Войти

Тәбет ашар тәттілер

Aziza 13-04-2017, 12:32 Статьи

Тәбет ашар тәттілер

Кәмпиттер әрдайым дәмді, бірақ пайдалы емес деп ойлайсыз ба? Әрине жоқ! Сенің назарыңа кептірілген жемістен және жаңғақтан жасалған тәтті әрі пайдалы кәмпиттердің жасалу тәсілін ұсынамыз. Бастысы, кәмпиттерді дайындау әдісі қарапайым әрі тез!

Кокостан дәм тат!

Диеталық « рафаэлло» жасау үшін екі стақан кепкен құрманың сүйегін алып тастап, үстіне 4 сағатқа су құйыңыз. Кейін жемісті еттартқыштан өткізіп немесе блендерде езіп алыңыз, үстіне 1 стақан күріш ұнын қосыңыз. Дайын болған массадан дөңгелектер жасаңыз. Егер қаласаңыз әр дөңгелектің арасына 1 тал бадам жаңғағын салуға болады, бірақ бұл оның құнарлығын көбейтеді. Кейін кәмпиттерді кокос ұнтағына аунатып, тәрелкеге салып, тоңазытқышқа 2-4 сағатқа салып қойыңыз.

Трюфельдің дәл өзі

300 г қара өріктің үстіне ыстық су құйып, 5 минутқа қалдырыңыз. Кейін кептіріп алып, 50 г орман жаңғағын қара өрікпен бірге ұсақтаңыз. Дөңгелек жасап, какао ұнтағына аунатып алыңыз. Трюфельдің дәл өзі!

Бәрі Шоколадта

300г кептірілген өрікті алып,үстіне 5 минутқа ыстық су құйыңыз. Кептіріп алыңыз. 50г грек жаңғақтарын кептірілген өрікпен бірге блендерде ұсақтап алыңыз. 100г ащы шоколадты су буында ерітіп алыңыз. Дайын боған қоспадан дөңгелектер жасап, әрқайсын шоколадқа батырып алып, кейін 10 минутқа тоңазытқышқа салып қойыңыз.

Эх, тәттілер...

Бұл мәзір үшін кептірілген жемістердің түрлісін араластырып жасауға болады. Мысалы, қара өрік, жүзім, кептірілген алма тағы басқа. Осының бәрін 10 минутқа  жұмсарғанға  дейін суға салып қойыңыз. Дайын болған қоспаны сәл сорғытып алып, блендермен езу қажет. Су қолмен дөңгелектер жасап, күнжітке аунатып алыңыз. Кәмпиттер дайын!

Шиені  маған бер!

Сүйексіз жүзімді (1 стақан), осы мөлшерде құрманы да жуып алып, мұқият қағаз сүлгіге кептіру қажет. Блендрде құрманы, жүзімді, грек жаңғағын(1/2 стақан), 4 стақан кокос ұнтағын қосып, бірқалыпты массаға айналғанша ұсақтаңыз. Осы «фарштан» 20 кішігірім дөңгелектер жасаймыз. Әрқайсының ортасына бір шиеден салып қантқа слыңыз. Кәмпиттердің жартысын қант ұнтағына, екінші бөлігін какао ұнтағына аунатып алу керек. Егер кәмпиттердің құнарлығы аз болсын десеңіз, қантты пайдаланбай-ақ қойса болады.

 

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите два слова, показанных на изображении:*